«Қазақстан жастары-Тәуелсіздік толқынында»

Шиелі  индустриалды-аграрлық колледжінде «Қазақстан  жастары-Тәуелсіздік  толқынында»  атты мамандықты  насихаттау іс-шарасының жүргізілді. 

Мақсаты:Болашақ мамандарды жоғары деңгейдегі  білім сапасымен қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеріп отыру, халықаралық озат тәжірибелерді әріптестермен бөлісу, жастарды еңбекке  құрметпен  қарауға тәрбиелеу.

  1. Саламатсыздар ма құрметті қонақтар, ұстаздар және білім алушылар!
    Бүгінгі колледжімізде Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы  аясында  ұйымдастырылып отырған  «Қазақстан  жастары  – Тәуелсіздік толқынында» атты іс шарамызға қош келдіңіздер!
  1. Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: ― Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын.

Осы  орайда бүгінгі  іс шараға арнайы келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Сәрсенбаева Зәуре Асылбекқызы- «Нұрасыл» тігін шеберханасының  төрайымы
  2. Рысбеков Шералы Өмірәліұлы- «Арғымақ» ЖШС-нің бас инженері
  3. Тобағабылова Айнаш Өмірзаққызы- «Алтын Орда» мейрамханасының төрайымы
  4. Қадыров Ержан Мұсабекұлы- Шиелі Энерго Сервис ЖШС-нің  өндіріс  бөлімінің  инженері
  5. Алшеров Талғат Шәріпбекұлы- «Шиелі электр тарату торабы» мекемесінің жоғары кернеу және қосалқы станциялар шебері
  6. Есжанов Аятжан  Тәшімұлы – «Байсын»  шаруа  қожалығының   төрағасы
  7. Кенбаев Қуаныш  Мұратбекович – Волковгеология  ГРЭ-23 филиалының  бас инженері
  8. Кегай Роберт – Волковгеология ГРЭ-23 филиалының  еңбек  қауіпсіздік  инженері
  1. «100 қадам» – біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың табиғи түрдегі құрамдас бөлігі және Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу жөніндегі нақты бағдарлама.
    Біздің, Қазақстандықтардың әрқайсысы өзінің мамандығында, өзінің жұмыс орнында, өзінің қоғамдық өмірінде бүкіл елмен бірге осы маңызды 100 қадамды жасауға тиіс.

Осы арқылы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының сабақтастығы мен үздіксіздігі көптеген онжылдықтар бойында қамтамасыз етіледі. Кәсіптік техникалық мамандықтар жайлы толық мағұлмат беру үшін колледж директоры   Дүйсенов   Мейрамхан  Мұсаханұлына   сөз беріледі.

  1. Кеңес дәуірінен бастап оқытылып келе жатқан ауылшаруашылығы саласына қажетті мамандар даярлау қазір де өз маңызын жойған емес. Аудан көлеміндегі ұжымдарға мысалы, «Байсын», «Бидайкөл», «Мақсат» Шаруа қожалықтарына өндірістік оқу, өндірістік тәжірибе кезінде ауылшаруашылығының жер жырту, шөп шабу, егін жинау жұмыстарына қатысып еңбек ақы алып және болашақ мамандығы бойынша жұмысқа да қабылданған білім алушылар бар. Әрі қарай «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист машинисі» мамандығы жайлы тереңірек дәріптеу үшін №96 оқу тобының білім алушысы Керімқұл Бақдәулетке кезек  беріледі.
  2. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы үнемі сұранысқа ие мамандықтың бірі. Әртүрлі тұрмыстық заттар жасауда одан да басқа қызмет түрлеріне дәнекерлеу жұмыстары өте қажет. Колледжімізде «Дәнекерлеу ісі» мамандығының білім алушылары өндірістік оқу сабақтарында сұранысқа байланысты темір бұйымдар жасау арқылы шеберліктерін шыңдап келеді. «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандығы жайлы дәріптеу үшін №1 оқу тобының   білім алушысы  Шардарбек  Телжанға  кезек береміз.
  3. Электр энергиясы қазіргі дамыған заманда аса қажет. Сондықтан электрик мамандарға сұраныс жоғары. «Өндіріс электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер» мамандығының білім алушылары ауданымыздағы «Электр тарату торабы» мекемесінде өндірістік тәжірибеден өтуде. Өндіріс орнында арнайы кабинет жабдықталған. Мамандықты меңгеруге толық жағдай жасалған. Сонымен қатар «Өндіріс электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электромонтер» оқу тобының білім алушылары мен аталған мамандықтың пендагог қызметкерлері үнемі «Кентау трансформатор» заводында болып, трансформатор құрылысымен оның жасалу технологиясымен тікелей танысып отырады.  Мамандық жайлы тереңірек дәріптеу үшін № 89 оқу тобының білім алушысы Жұмаділдаев Бақбергенге кезек береміз.
  4. Еліміз индустрия бағытына бет бұрғалы бізде оқытылатын «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» мамандығына сұраныс артып келеді. Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасында «Дуалды кәсіби білім беруді дамыту маңызды» екенін ерекше атап көрсеткен. «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» мамандығы бойынша дәріс беруші инженер-педагогтар ауданымыздағы «Волковгеология», №23 ГРЭ филиалы, «Казатомпром» ұлттық атом  компаниясы , Семізбай –  U» мекемелерімен жасалған  келісім шарт негізінде біліктіліктерін көтеру мақсатында тағылымдамадан өтіп, білім алушылар өндірістік технологиялық және диплом алды тәжірибеден өтіп келеді.  Әрі қарай мамандықты дәріптеу үшін №91  оқу тобының білім алушысы Құрманәлі  Нұрболатқа  кезек беріледі.
  5. Қазіргі таңда бірден-бір  халықтың  сұранысын  ақтап  отырған  мамандықтың  бірі-Арнайы  тігінші   мамандығы.   Арнайы тігінші мамандығының білім алушылары “Сырдария” тігін фабрикасымен бірлесе отырып, өндірістік тәжірибе кезінде облыс көлеміндегі бірқатар құқық  қорғау органдарының, облыстық прокуратура мекеме қызметкерлерінің, орман шаруашылығы,медицина қызметкерлерінің  тапсырыстарына сай арнайы жұмыс  киімдерін тігіп сұраныстары  қанағаттандырылды. сұранысқа сай мектеп формасын, жұмысшылардың арнайы киімдерін, колледж жанынан құрылған «Жас Қыран» тобының киімдерін, мәдени іс-шараларға арналған сәндік сахналық киімдерді және тапсырыс негізінде арнайы киімдерді білім алушылар өз қолынан тігіп шығаруда.  Әрі қарай мамандықты дәріптеу үшін № 93 оқу тобының білім алушысы Дүйсебаева Аружанға кезек беріледі.
  6. Кәсіптік білім беру сапасын өркениетті елдерге жақындату, кәсіби білімді әлемдік деңгейіне кіріктіру халықаралық жобалар мен тәжірибелерді үйрену талабын қояды. Ол үшін өзіміздегі бар нәрсені замануи технологиялармен ұштастырудың ұшан теңіз тиімділігі бар. Осы орайда «Аспаз» мамандығының қыр – сырын толық игеру үшін білім ордамызда жағдайлар жасалған. Колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «Марсель петролиум» ЖШС демеушілігімен салынған «Аспаз» зертханасы және 80 орындық залы жұмыс жасайды. Әрі қарай мамандықты дәріптеу үшін  №94 оқу тобының білім алушылары Аманова Гүлмира  мен  Байтұрсынұлы  Ердаулетке  кезек  беріледі.
  7. Уақыт өте келе еңбек нарығы мен заман ағымына сәйкес біздің білім ордамыздың тынысы адам танымастай өзгеріп, ілгерілеп өсу сатысында дамып келеді. Алғаш ашылған кезде аграрлық бағытта ауыл шаруашылығының кең профильді тракторист машинист мамандығы бойынша оқытылса, қазіргі таңда аудан көлемінде орналасқан өндіріс орындарынан сұранысқа ие 9 түрлі мамандықтар бойынша мамандар дайындап, қоғам сұранысын өтеп келеді.

Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғару қиын емес. Ендігі кезекте   сөз  тізгінін  әлеуметтік  серіктестерге  бұрғанды  жөн  көріп отырмыз.

Құрметті  әлеуметтік  серіктестер! Өндірістегі  осы мамандықтардың  қажеттілігі  жайлы  пікірлеріңізді,  колледж  бен  өндіріс арасындағы  байланысты  нығайту мақсатындағы ойларыңызды ортаға  салсаңыздар!

Осы  орайда  сөз  кезегі Волковгеология  ГРЭ-23 филиалының  еңбек  Қауіпсіздік  инженері Кегай Робертке беріледі.

  1. Болашақ мамандарды жоғары деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз ету техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеріп отыруды, халықаралық озат тәжірибелерді әріптестермен бөлісуді қажет етеді. Олай болса  келесі  сөз «Нұрасыл» тігін шеберханасының  төрайымы Сәрсенбаева Зәуре  Асылбекқызына беріледі.
  2. Мамандарды дайындау жүйесінде оқытудың дуальді  жүйесі  маңызды  орын  алуда. Әлемде дуальді   оқыту жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар  дайындаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның  ерекшелігі, кәсіптік оқу үдерісінің басым бөлігі оқу  орындарында  емес, кәсіпорындарда өтіп, білім алушылар  мамандықтарды  игеруге  тікелей  қатыса алады.

Келесі  сөз «Арғымақ» ЖШС-нің бас инженері Рысбеков Шералы Өмірәліұлына беріледі.

  1. Келесі сөз «Алтын Орда» мейрамханасының төрайымы Тобағабылова Айнаш Өмірзаққызына беріледі.
  2. Келесі сөз Шиелі Энерго Сервис ЖШС-нің   өндіріс  бөлімінің  инженері  Қадыров Ержан Мұсабекұлына  беріледі.
  3. Келесі сөз «Шиелі электр тарату торабы» мекемесінің жоғары кернеу және қосалқы станциялар шебері Алшеров Талғат Шәріпбекұлына беріледі.
  4. Келесі сөз «Байсын»  шаруа  қожалығының   төрағасы Есжанов  Аятжан  Тәшімұлына  беріледі.
  5. Келесі сөз Волковгеология  ГРЭ-23 филиалының  бас инженері Кенбаев  Қуаныш  Мұратбекұлына беріледі.
  6. Келесі «Байсын»  шаруа  қожалығының   төрағасы  Есжанов  Аятжан  Тәшімұлына  –  сөз  тізгінін береміз.

Бүгін  міне  колледжде  оқытылып  отырған  барлық  мамандық  дәріптелді. Әлеуметтік  серіктестеріміз  өз  ойларын,  пікірлерін  қалдырды. Ендігі  кезекте   аудандағы  мектептерден  келген  оқушылармен және еңбек ардагерлерімен пікірталас  жүргіземіз.

  1. Қорытынды

Кәсіптік білім беру сапасын өркениетті елдерге жақындату, кәсіби білімді әлемдік білім деңгейіне кіріктіру халықаралық жобалар мен тәжірибелерді үйрену талабын қояды. Ол үшін өзіміздегі бар нәрсені заманауи технологиялармен ұштастырудың ұшан-теңіз тиімділігі бар. Болашақ мамандарды жоғары деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз ету-техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеріп отыруды, әсіресе, шетелдік іс-сапарларға жіберуді, халықаралық озат тәжірибелерді әріптестерімен бөлісуді қажет етеді. Осы орайда, Эстония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия, Белоруссия мемлекеттерінің  кәсіптік білім беру оқу орындарында  біліктілік курсынан өткен инженер-педагог қызметкерлер  іс-сапарының нәтижесінде кәсіби мамандар даярлаудың халықаралық озат тәжірибелерін және оқыту үдерісіне жаңа технологияларды ендіру жұмыстарын жүргізуде.
Елбасы  Қазақстанның  алдыңғы  қатарлы  жоғары  дамыған 30 мемлекеттің дамуына  кіру  үшін  нақты  мақсаттар  жүктеген  болатын.  Аталған  бағыттардың табысты  іске  асырылуы  ең  алдымен,  білімнің  сапасымен  анықталатыны  белгілі. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Ал   біздің  мақсатымыз: Қазіргі  заманғы  технологиялармен жұмыс істей алатын  бәсекеге қабілетті, сапалы,  маман  дайындау. Олай болса білімді  де білікті  білім алушыларымыз көбейе берсін!

  1. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн оқу орындарының алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Олай болса   колледж  білім  алушыларынан   құралған  өнерпаздардың  шағын  концертін  тамашалаңыздар!
  1. Оразбек Нұржайнаның орындауында «Мерекем»  әнін   қабыл алыңыздар!
  2. Ортада «Жас жайдарманшылар» көңілді тапқыштар клубының  өнерін  тамашалаңыздар!
  3. Өндірістік оқу шебері Әшіров  Лесбектің  орындауында «Атамекен»  әнін  қабыл алыңыздар!
  1. Бүгінгі «Қазақстан  жастары-Тәуелсіздік  толқынында»  атты мамандықты  насихаттау іс-шарасына   қатысқан барша   қонақтарымызға  алғысымыз  шексіз!
    Бүгінгі  қонаққа  келген барша   мектеп  оқушыларын  осындай тамаша білім  ордасына  оқуға  шақырамыз!

Көңіл  бөлгендеріңізге  көп  рахмет!