1 наурыз – Алғыс айту күні

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай 28.02.2019 жылы №24 «Орман шебері» оқу тобы білім алушыларының ұйымдастыруымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында колледж әкімшілігі тарапынан оқу топтарында оқудағы үздік нәти желерімен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан білім алушылардың бірқатар ата-аналары Алғыс хатпен марапатталса, білім алушылар тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласып, баяндама оқылып, видеослайдтар көрсетіліп, мереке қарсаңында колледжімізде оқып жатқан өзге ұлт өкілдерінің құттықтау лебіздерімен жалғасты. Сонымен бірге, білім алушылар би билеп, ән айтып, мерекеге орай өлеңдер оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында ата-аналар тарапынан колледж әкімшілігі мен ұстаздарына, білім алушыларына мереке қарсаңында жақсы көңіл күй сыйлағандықтары үшін өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті.