Директор блогы

Құрметті  сайт қонақтары, оқытушылар, ата – аналар, студенттер және оқу орнына қызығушылық танытқан жастар, талапкерлер!

Сіздерді Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің  сайтында көргеніме қуаныштымын. Әр адамның өмір жолы — тәрбиеден, білімнен, мамандық таңдау сәтінен және сондай-ақ оқу орнының қабырғасынан басталады. 

Колледжіміздің мақсатымыз – білім алушыларымызға сапалы және қол жетімді білім бере отырып, нарықтық заманымыздың ағымына қарай бәсеке қабілетті мамандар дайындап, түлектерімізді сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі — сонау 1958 жылы қараша айында Бәйгеқұм қыстағында КСРО Министрлер Кеңесінің жанындағы «Еңбек Резервтері» Бас басқармасы, Оңтүстік аймақтық басқармасының шешімімен №97 ауылшаруашылығын механизацияландыру  училищесі (УМСХ)  болып құрылған.

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру  мақсатында  оқу  орны білім үрдісін  жүйелі жаңғыртып, жаңа технологияны нәтижелі қолданып, тәжірибеге бағдарланған оқыту моделін жүргізуде  біздің  оқытушыларымыз —   жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар беруге бағытталған, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін меңгерген жоғары кәсіби мамандар болып табылады. Колледждің оқу – материалдық базасы спорт залы, тренажер залы және акт залымен, кең көлемді кітапхана, оқу дәрісханалары, лабораториялар, шеберханалармен  заманауи үлгіде  жаңа технологиялармен  жабдықталған. Біз білім беру барысында татулық және достық шеңберін құра отырып, әр студентке  саналы тәрбие мен сапалы білім беруге тырысамыз.

Сайттағы барлық ақпараттар оның барлық оқырмандарына  қызықты да пайдалы болады деп сенемін!

Құрметпен, колледж директоры М.М.Дүйсенов

 

 

avatar
  Подписаться  
Уведомление о