Колледж мақсаты

Колледж миссиясы:

Теориялық  білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген, еңбек нарғында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау отырып, өңірдің индустриялық дамуы барысында туындаған жұмысшы және орта буын мамндарға сұраныстарын  қанағаттандыруға  бағытталған білім беруқызметін ұсыну.

Колледждің  миссиясы аймақтың әлеуметтік – экономикалық  және білімдік кеңістігінде, сондай-ақ бүгінгі нарық жағдайында  теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгерген, жоғары жеке қасиеттерге ие, бәсекеге қабілетті, өз білімі мен біліктілігін дамыта алатын мамандардың сұранысқа ие болуына байланысты орны мен ролін білдіреді.

Колледждің  стратегиялық  мақсаты,  міндеттері

Мақсаты:

  • Мемлекеттік тапсырыстарға, заңды және жеке тұлғалардың   сұранысына  сәйкес  мамандарды  даярлау;
  • Оқудың тиімділігін, сапасын, қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін   оқу  ортасын   дамыту;
  • Колледжді басқарудың   жүйесін  жетілдіру;
  • Мемлекет мүддесіне  жастардың  әлеуетін   дамыту  және  іске асыру;
  • Заманауи технологияларды, білім беру  бағдарламаларын енгізу;
  • Оқудың модульдік   және  дуальді  жүйесін   дамыту;
  • Мамандарды аймақтың  экономикасының  өндірістік  қажеттілігінің   картасын  ескере  отырып  дайындау;
  • Оқытудың инновациялық   технологияларын  енгізу: кредиттік  оқыту  технологиясы, дуальді   оқыту  жүйесі,  модульдік  бағдарламалар;
  • Әлеуметтік серіктестікті  кеңейту,   оқу  үдерісінің   траекториясын  қалыптастырып,  олардың кадр   дайындау   мәселесіндегі   сұраныстарын  ескеру үшін   жұмыс  берушілермен  тығыз  байланыста болу;
  • Білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру  негізінде білім  берудің ұлттық  жүйесінің  жұмыс  істеуінің  нормативтік – құқықтық базасын  жетілдіру;
  • Қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адамның  құқықтары мен  бостандықтарын  құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Мемлекеттік тілді   басым дамыту;
  • Әлемдік білім кеңістігіне  ықпалдасу;
  • Білім беру процесін оқу-әдістемелік   және ғылыми  қамтамасыз етуді  жетілдіру;
  • Білім беру жүйесінің  материалдық-техникалық базасын нығайту.

Міндеті:-үздіксіз тәжірибеге  бағытталған білім беру процесін ұйымдастыру және мазмұнын жетілдіру; – оқу процесіне, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу арқылы тапсырыс берушілердің  сұраныстарына сәйкес білім сапасын арттыру;-  колледждің оқу үрдісін бағалау деңгейлерін әзірлеу;- колледждің  даму бағдарламасын іске асыру және басқару құжаты ретінде басшылыққа алу;- тұрақты білім беру үдерісінің сапасы мен критерийлерін анықтау;- оқу үдерісіне жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу.- ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік базаны жаңғырту (оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын дайындау, электронды оқу құралдарын әзірлеу: электронды оқулықтар, лекциялардың электронды курстары, мультимедиялық бағдарламалар, презентациялар);- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 553 бұйрығына сәйкес  модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде ТжКБ ұйымдарының  оқу  процессін  оқу-әдістемелік  қамтамасыздандыру;

– заманауи технологиялық  және ақпараттық негізде  жаңа оқу зертханаларын   және өндірістік базаны құру, тақырыптық кабинеттер мен  оқу зертханаларын қайта құру және жабдықтауды жалғастыру;

– компьютерлік кабинеттерді бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуды жалғастыру;- ақпараттық білім кеңістігін құру үшін  телекоммуникациялар, ақпараттық бағдарламаларды, ғаламдық интернетті белсенді пайдалану;- колледждің педагогикалық және басқарушылық қызметкерлерінің, әдіскерлерінің  біліктілігін  жетілдіру және дамыту арқылы білім беру процесін кадрмен қамтамасыз ету сапасын арттыру;- оқу үрдісінің  дамуы  мен нәтижелілігін  арттыру мақсатында әлеуметтік  әріптестермен тұрақты байланыс орнату;- жеке тұлғаға бағытталған, денсаулық сақтау педагогикасын жүзеге асыру;

– орта кәсіптік білім берудің негізгі бағыттары бойынша тағылымдамадан өту;

Миссияның мәтіні оқу ғимаратындағы стендте және колледж сайтында орналастырылған.