Оқу-әдістемелік жұмыс

Колледж әдіскері: Әбдіжапбарова Анар Берікқарақызы

Колледждегі  әдістемелік кеңес   оқу-тәрбие  процесінің  әдістерін  жетілдіру  жұмыстарын жүйелі   ұйымдастырылып  Техникалық   және  кәсіптік  білім беретін  оқу жүйелерінде  оқу  саласының   басты мақсаты- еңбек нарығында  бәсекеге  қабілетті,  құзырлы,  жауапты,  өз  кәсібін  еркін  меңгерген  және  қызметтің  ұқсас  салаларында  бағдарлай алатын,  әлемдік  стандарттарда   тиімді  жұмысқа  қабілетті,   үнемі  кәсіби  өсуге,  әлеуметтік  және  кәсіби ұтқырлыққа  дайын  білікті  мамандарды  даярлауды    жүзеге  асыруда.

Колледждегі   әдістемелік  жұмыс  көкейкесті  мәселелерді:  кәсіптік  білімнің  сапасын  арттыруға, мамандарды  даярлаудың  тиімді  жолдарын  іздеуге  шешуге  бағытталған.

Колледждегі  әдістемелік  жұмыстың  тақырыбы: «Білім  беруде  инновациялық  технологияның  үлгілерін  енгізу»  болғандықтан, өзіне төмендегі басты  міндеттерді жүргізуді негізге алуда:

  1. Нарықтық экономика жағдайында  табысты  еңбек  етуге  қабілетті,  мамандарды  даярлаудың    сапалы   жаңа  деңгейіне  жету.
  2. Жаңа ақпараттық  және  интерактивті  технологияларды  енгізу  негізінде  оқу  сабақтарын  өткізудің   сапасын  арттыру.
  3. Сабақтың барлық түрлерінің  жоғары  әдістемелік   деңгейде  өткізуді  қамтамасыз  ету.
  4. Оқу барысында оқу-әдістемелік  және  дидактикалық   материалдарды,  оқытудың  автоматтандырылған  жүйелерін  бағдарламамен  қамтамасыз  ету.
  5. Сабақта тұлғалық-бағытталған  қатынасты  күшейту.

Колледждің мемлекеттік лицензиядағы көрсетілген барлық мамандықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары, типтік және жұмыс оқу жоспарларымен, пәндер бойынша типтік және жұмыс оқу бағдарламаларымен  қамтамасыз етілген.

Барлық оқыту нысандары бойынша типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқу-тәрбие процесінің әдістемелік қамтамасыздығы және оқушылардың оқу жүктемелері жалпыға міндетті білім стандарттарына және мамандарды даярлауға қойылатын бүгінгі күннің талаптарына сәйкес әзірленген және бекітілген.

Қазақстан республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемелекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес барлық мамандықтардың және әрбір оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешендері  (ОӘК, ПОӘК) жасалынған.

Гуманитарлық пәндер және техникалық пәндер бойынша оқу жүктемелерінің  оқытушыларға бөлінуі олардың базалық білімі мен біліктілігіне толық сай келеді.

Оқытушылар жеке жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді. Жұмыс бағдарламаларын жасауда типтік бағдарлама негізге алынады. Бірлестік тарапынан жеке жоспарлардың  орындалу барысы тексеріліп отырады. Әр оқытушы бөлінген оқу жүктемесіне сәйкес жүргізілетін пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын жасайды.

Оқу сабақтары оқу процесі кестесі бойынша бекітілген кестеге сәйкес 6 күндік сабақ аптасында жүргізіледі. Жексенбі – демалыс күн, сабақ кестесі тұрақты, оқу түрі бойынша жарты жылдыққа жасалады.

Өндірістік оқу сабақтары колледждің оқу шеберханалары мен зертханаларында өткізіледі.

Оқу орнында 3  бірлестік  жұмыс атқаруда.

Колледждің   әдістемелік  құрамына:

– Жалпы  пәндер  әдіс  бірлестігі

– арнайы пән  әдіс  бірлестігі;

– Өндірістік  оқу  шеберлерінің  әдіс  бірлестігі  кіреді.Барлық  әдістемелік   жұмыстарды   колледждің    әдістемелік  кеңесі  басқарады.

«Жас  мамандар  мектебі»

Оқытушылардың   білімін,  кәсіптік  деңгейін,  шеберлігін арттыру  және  шығармашылық   жұмыс  істеу   бағытында     әдістемелік  кеңестің  жанынан  «Жас  мамандар  мектебі»   тобы   құрылып, жас мамандарға тәлімгер ұстаздар бекітіліп, оларға әдістемелік көмек, кенес беру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

2016-2017 оқу жылындағы «Жастар-тәуелсіз еліміздің болашағы!»атты жас мамандар сайысының қорытындылау сәті

Әдістемелік орталықта барлық колледж оқушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің  жеке портфолиолары жасалынған. Портфолиода оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің барлық жеке жұмыстары, жоспарлары, марапаттаулары т.б жинақталған.

Әдістемелік  кабинетте  инженер-педагог  қызметкерлерінің  баспасөз  беттерінде  жарияланған  материалдары  орналасып,  реттілігімен тігілген.

Колледжде шығармашылық ізденіспен жұмыс атқаратын және өзіндік үлгілі іс-тәжірибелері қалыптасқан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері жұмыс атқаруда.

Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің республикалық  облыстық деңгейдегі ақпарат құралдарына, мерзімдік басылымдарға түрлі тақырыптарда ашық сабақтары, баяндамалары жарияланып тұрады.